Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды

24 қаңтар, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды Тараз қаласы аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері 2022 жылдың 23 қаңтарында қаладағы арықтардың бірінен қапқа оралған арнайы құралдар мен тегіс саңылаулы «Эскорт» маркалы атыс қаруын тапты. Аталған қаруға арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.