Павлодарлық оқушылар тұрғын үйдің балконына оқ атқан

Павлодарлық оқушылар тұрғын үйдің балконына оқ атқан

Павлодарлық оқушылар тұрғын үйдің балконына оқ атқан
ашық дереккөзі
Бұл фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлады  turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 23 қаңтар күні сағат 17:47-де 34 жастағы қала тұрғыны полицияға қоңырау шалып, белгісіз біреулер үйінің терезелеріне оқ атқанын айтқан. Шақыру бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен. Тексеру барысында екі оқ атылғаны және салдарынан Бұқар жырау көшесіндегі үйдің үшінші қабатында орналасқан балконның әйнегі зақымдалғаны анықталды. Полиция қызметкерлері 13-15 жас аралығындағы 7 кәмелетке толмаған баланы ұстады. Олар Павлодар қаласының №6, 16, 29 және 34 мектептерінің оқушылары болып шықты.
23 қаңтарда жасөспірімдер досына компьютерлік ойындар ойнауға жиналған. Олардың бірі өзімен бірге досынан алған тапаншаға ұқсас затты алып келген. Қызығушылық үшін балалар балконға шығып,  кезекпен оқ атқан.  Бұл оқтың бірі полицияға жүгінген пәтер иесінің балконының терезесіне тиген, - делінген хабарламада.
Қару тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты іс жүргізу шешімі қабылданады.