«Самұрық-Қазына» қорының шет елдегі бірнеше өкілдігі жабылады

«Самұрық-Қазына» қоры шет елдегі 4 өкілдігін жабады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қордың Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Марат Мұхамедсалиевтің айтуынша, Дубай, Лондон, Бейжің және Мәскеудегі өкілдіктер жабылады.

Осыған дейін «Самұрық-Қазына» қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілгені хабарланды. Оған сай қор қызметкерлерінің саны 2 есеге қысқаратыны белгілі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button