Жаппай тәртіпсіздік кезінде бірде-бір мешіт зардап шеккен жоқ

Жаппай тәртіпсіздік кезінде бірде-бір мешіт зардап шеккен жоқ

Жаппай тәртіпсіздік кезінде бірде-бір мешіт зардап шеккен жоқ
ашық дереккөзі
Қаңтардағы бүлік кезінде елімізде Алланың жердегі үйлері зақымданбады. Бұл туралы елордадағы «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Аллаға шүкір, мешіттерге зардап келген жоқ. Осы тұста дін мамандары бұзақылыққа қарсымыз, дін де қарсы. Себебі, арандатушылық еш жақсылыққа алып келмейді. Ол туалы жамағатқа айтып та жатырмыз. Пайғамбарымыз «іріткі, ол - ұйықтап жататын нәрсе, оны оятқан адамға Алланың қарғысы болсын» деген. Сондай-ақ, хадистерде жазылғандай, «іріткі кезінде тұрған адамнан, отырған адам жақсы» делінген. Тұрақтылық, тыныштық - тәңірдің берген сыйы. Ал оны сақтау - өз қолымызда. Бізде мешіттер зардап шекті деген ешқандай мағлұмат жоқ», - деді Ерболат Жүсіпов.
Бұдан бөлек, имам жаппай бассыздық кезінде діни сала мамандарының да зардап шекпегенін жеткізді.