Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысады

Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысады

Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысады
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Twitter-інде жазды, деп хабарлады turkystan.kz. Берік Уәлидің айтуынша, онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болған.
«Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды. Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған», - деп жазды Берік Уәли.