Қақтығыста қаза тапқандарға ән арналып, клип түсірілді (ВИДЕО)

Қақтығыста қаза тапқандарға ән арналып, клип түсірілді (ВИДЕО)

Қақтығыста қаза тапқандарға ән арналып, клип түсірілді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Белгілі музыкант Ренат Гайсин мен әнші Dinaya қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан қазақстандықтарға арналған «Періштелер» атты ән жазды, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Қайғылы оқиғалар кезінде шынымен жыладым. Көз жасы әнге айналды. Содан кейін достарым Мәлік Хасенов пен Алексей Маклайға болған оқиғаны жеткізетін ән жазу үшін қоңырау шалдым. Біздің достарымыз Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева бейнеклип түсіруге ұсыныс тастады. Динаямен бірге орындадық. Шынымды айтсам, ән жазу кезінде жиі тоқтата тұруға тура келді. Өйткені бұл әнді орындау өте қиын болды», - дейді Ренат Гайсин.
Композитор бұл жолы арнау алғашқы нотадан-ақ дүние келгенін айтты. Ал клип продюсері Дәуіт Шайхисламовтың айтуынша, жаңа әуен қазақстандықтардың ортақ қолдауын, жанашырлығын көрсетеді.
«Қазақстандықтармен бірге болған жағдайлардың жауапкершілігі мен ауыртпалығын түсінеміз. Бүкіл шығармашылық топ өз жұмысын қаңтар трагедиясында қайтыс болған отандастарды еске алуға арнады. Қымбатты достар, бір-біріңізге қамқор болыңыздар!» - деді ол.