Биыл студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі

Биыл студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі

Биыл студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрлігі 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы тағы да өсетінін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Министрліктің ақпартынша, шәкіртақы мөлшері бакалаврларда – 20%-ға, магистранттар мен докторанттарда – 15%-ға артады.
 «Енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар – 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы – 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы – 195 000 теңгеге дейін өседі», – деді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Еске сала кетсек, өткен жылы стипендия дәл осындай мөлшерде өскен болатын (15%  және 20%).