Елордада кәсіби саяси консультанттар қауымдастығының штаб-пәтері ашылды

Елордада кәсіби саяси консультанттар қауымдастығының штаб-пәтері ашылды

Елордада кәсіби саяси консультанттар қауымдастығының штаб-пәтері ашылды
ашық дереккөзі
Кәсіби саяси консультанттар қауымдастығы (APPC) Орталық Азияда өкілдігін ашты. Штаб-пәтер Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан, деп жазды turkystan.kz. Қазақстандық саясаттанушы, Ain Citadel (Advanced Intellectual Network) қоғамдық қорының президенті Ассоль Мирманова өкілдіктің басшысы болып тағайындалды. Ассоль Мирманова – ақпараттық қауіпсіздік және насихат саласындағы, корпоративтік және мемлекеттік секторларда айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар маман. Отандасымыз халықаралық және еуропалық саяси консультанттар қауымдастығымен аккредиттелген Орталық Азия елдерінің алғашқы өкілі. Ain Citadel қорының негізгі зерттеу нысандары – білім беру, әлеуметтік, жастар және гендерлік саясат, демократиялық институттарды қалыптастырудың халықаралық қағидаттары мен әдістері, сайлаушылардың әлеуметтік-саяси санасы мен қоғамдық пікірі, Қазақстан мен шет елде сайлау науқандары мен референдумдарды өткізудің әдістері мен қағидаттары. Зерттеу және білім беру жобаларын ұйымдастырумен қатар, Ain Citadel қоғамдық қорының портфеліне Rezonans.Asia халықаралық сарапшылар порталы, Citadel.Academy білім беру платформасы және Citadel.Media блог-платформасы кіреді. Кәсіби саяси консультанттар қауымдастығы (АРРС) – әлемнің әртүрлі елдерінен келген саяси консалтинг мамандарын біріктіру, сайлау технологиялары саласындағы мамандардың ашықтығы мен жауапкершілігі стандарттарын енгізу, олардың кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ демократиялық сайлауды өткізуге жәрдемдесу мақсатында құрылған қоғамдық ұйым.