ЭКСПО 2017 қалашығында ғимарат опырылып түсті
ЭКСПО 2017 қалашығында ғимарат опырылып түсті
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Куянов телефон арқылы ҚазАқпарат тілшісіне бүгінгі апаттың мән-жайын айтып берді.
«Оқиға түсте болды. Зардап шеккендер жоқ. Құлаған ғимарат - екі павильонның арасын жалғап тұрған декоративті конструкция еді. Мердігер - BI Group компаниясы. Бүкіл шығынды есептейтін, құлаған жердің көлемін есептейтін де сол компания. Екінші жағында тұрған екінші конструкция құлай ма, жоқ па оны сол мердігер келіп көреді. Зардап шеккендер жоқ. Жедел жәрдем келіп кетті,келу - олардың міндеті», - деді С.Куянов.
Ал, BI Group компаниясы компаниясының баспасөз қызметі әзірге бұл апатқа қатысты ақпарат берген жоқ. Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, бүгін ЭКСПО құрылысының аумағында ғимарат қақ ортасынан бөлінген еді.