60 млн теңгенің қорқор табагын өткізген кеденшілер сотталды

60 млн теңгенің қорқор табагын өткізген кеденшілер сотталды

60 млн теңгенің қорқор табагын өткізген кеденшілер сотталды
ашық дереккөзі
Қаржылық мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті шекарада Өзбекстаннан қорқорға арналған табакты заңсыз әкелу фактісінің жолын кесті, деп жазды turkystan.kz. Белгілі болғандай, «Қапланбек» кеден бекетінің 5 қызметкері кальянға арналған табакты заңсыз әкелуге көмектескені үшін істі болып отыр. Лауазымды тұлғалар SERBETLI қорқорына пайдаланылатын 23 985 келі табакты Өзбекстаннан Қазақстан аумағына заңсыз әкелуге көмектескен. Бұл контрабанданың құны – 59 596 729 теңге. Өздерінің қызметтік мансабын пайдаланған мамандар әртүрлі мерзімге сотталды. Атап айтқанда, Түркістан қаласы сотының үкімімен «Қапланбек» кеден бекетінің мамандары Қ.Мұздыбаев, Б.Нұрбаев, М.Күміс және Б.Әлиев 3 жыл 6 айға, ал Н.Исаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.