Сағынтаев Бостандық ауданының әкімін сынға алды

Сағынтаев Бостандық ауданының әкімін сынға алды

Сағынтаев Бостандық ауданының әкімін сынға алды
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасының өсуіне жол берген Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетовты сынады, деп жазды turkystan.kz. 24 қаңтарда дүйсенбі күнгі таңертеңгі жиналыста мегаполис басшысы азық-түлік бағасы өскеніне назар аударды. Өткен аптадағы есепте Сағынтаев Бостандық ауданында осындай 21 заңбұзушылық, ал Түрксіб ауданында бірде-бір заңбұзушылық анықталмағанын айтты. Ол аудан әкімі Алтай Рахымбетовтен мұндай жағдай қалай болуы мүмкін екенін түсіндіруді сұрады.
«Біз, керісінше, күн сайын тексеру жүргіземіз. Осындай фактілерді анықтаймыз және дүкен иелерімен осы бағаларды төмендетуге жұмыс істейміз», - деп жауап берді Алтай Рахымбетов. «Түрксіб ауданында заңбұзушылық жоқ деп айтқыңыз келе ме, яғни аудан әкімі жұмыс істемей ме?» - деп сұрады Алматы әкімі. «Жоқ, олай емес. Күн сайын мониторинг жүргізіліп отыратынын айтқым келген», - деді Алтай Рахымбетов. «Егер күн сайын мониторинг жасасаңыз, онда заңбұзушылықтар болмауы керек. Бақылауға алыңыздар, ондай мүмкін емес», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.