«Астананы да, Фурманов көшесін де жаңа атауымен атамағанмын» - Олжас Сүлейменов

«Астананы да, Фурманов көшесін де жаңа атауымен атамағанмын» - Олжас Сүлейменов

«Астананы да, Фурманов көшесін де жаңа атауымен атамағанмын» - Олжас Сүлейменов
ашық дереккөзі
Ресейлік «Новая Газета» ақпарат агенттігінің өкілі Александр Алексин өзінің Facebook-тегі парақшасына қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтің Қазақстандағы саяси жағдайларға қатысты айтқан сөзін жариялаған, деп хабарлады turkystan.kz. Ақынның айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілердегі фэйк-каналдар оның атынан түрлі мәлімдемелер жасап жүр екен. Мәселен, «Олжас Сүлейменов Nur Otan партиясының съезінде сөз сөйледі», «Олжас Сүлейменов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанды құтқарып қалғаны үшін батыр атағын беруді ұсыныпты» деген жалған ақпараттар тараған-мыс. Алайда, олардың бірде-бірі ақынның өз аузынан шықпаған.
«Өзімнің бірде-бір материалымда астананы Нұр-Сұлтан деп атамағанмын. Фурманов көшесін де жаңа атауымен атамағанмын. Қаңтар айында болған оқиғаларға қатысты пікірімді міндетті түрде өзім айтатын боламын, бірақ фэйк-каналдар арқылы емес», - депті Олжас Сүлейменов ресейлік БАҚ-қа берген пікірінде.