Хуситтер БАӘ-ге қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды (ВИДЕО)

Хуситтер БАӘ-ге қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды (ВИДЕО)

Хуситтер БАӘ-ге қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе қорғаныс күштері Йеменнің солтүстігінде «Ансар Аллах» (хуситтер) қозғалысы ұшырған екі баллистикалық зымыранның көзін жойды, деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы БАӘ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып, елдің мемлекеттік агенттігі хабарлады.
«Қорғаныс министрлігінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары хуситтердің террористік тобы ұшырған екі баллистикалық зымыранды ұстап алып, жойып жіберді. Бұл ретте, ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлайды агенттік.
БАҚ-тың хабарлауынша, жойылған баллистикалық зымырандардың қалдықтары Абу-Даби әмірлігінің кейбір аудандарына құлаған. БАӘ Қорғаныс министрлігі кез келген қауіп-қатерге қарсы тұруға дайын екенін және мемлекетті осындай шабуылдардан қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолданатынын мәлімдеді. Айта кетсек, Йеменде үкімет күштері мен хуситтер арасындағы қарулы қақтығыс 2014 жылдың тамыз айынан бері жалғасып келеді. Ал 2015 жылдан бастап Сауд Арабиясы мен БАӘ бастаған араб коалициясы үкімет жағында соғысып келеді.