Жаңалықтар

Полицейлер митингке қатысқандардың мүрдесін қазып алып жатыр (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Полицейлер митингке қатысқандардың мүрдесін қазып алып жатыр (ВИДЕО)

Журналист Айжан Хамит Facebook-тегі парақшасында полиция қызметкерлерінің қайтыс болған адамды көрден қазып алып кетіп жатқан видеосын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. «Барлық елдердің БАҚ өкілдеріне жүгінгім келеді. Мен бұл бейнежазбаны кез келген жерге жіберуге дайынмын. Полицейлер митингте қаза болған адамның мәйітін қазып алып жатыр. Себебі, оларға «террористердің» денелері қажет», - деп жазды ол. Бұл сұмдық оқиғаға байланысты абайтанушы Омар Жәлел де өз пікірін білдірді. «Қара құзғындар! Өлі әруақтарды мазалауды доғарыңдар! Әй, иісалмастар, мұндай сорақы бұйрықты орындағанша, қоңыз теріп, қаңғып неге кетпейсіңдер?! Билік бұны білмейді деген бос сөз. Бәрін біліп отыр. Байлық, билік жолында, қорқау қасқырлардай елден жұлып жегендерін, тартып жегендерін сақтап қалу үшін, астындағы харам тағын сақтап қалу үшін осындай ел естімеген сұмдыққа барып отыр. Доғарыңдар! Әруақ атқан оңбайды! Ата-бабамның әруағы атсын сендерді! Алла жазаларыңды берсін!» деп жазды ол. Бұған дейін Айжан Хамит соңғы күндері митинг кезінде қаза тапқан азаматтардың үйіне құқық қорғау қызметкерлері келіп, қазба жұмыстарын жүргізу үшін мәйітті қазып алуға құқы бар қағазын, сот шешімін әкеліп жатқанын айтқан болатын.