Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар баланың жансыз денесі табылды

Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар баланың жансыз денесі табылды

Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар баланың жансыз денесі табылды
ашық дереккөзі
Құтқарушылар інісімен бірге ойнап жүріп жоғалып кеткен баланың денесін жақын маңдағы өзеннен тапты, деп жазды turkystan.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап. 22 қаңтарда бала алты жасар інісімен бірге аулада ойнаған. Кейін кіші ұл үйге келіп, ағасының серуендеуге кеткенін айтқан. Үлкен ұл үйге келмегеннен кейін ата-анасы дабыл қаққан. Портал тілшілері сол күні жергілікті полицейлердің іздеу жұмыстарын бастағанын жазды. Ал таңғы сағат 5.30-да оларға 17 құтқарушы мен арнайы техника көмекке келеді. Іздеу шаралары бір тәуліктен астам уақыт бойы жүргізілді. Нәтижесінде 23 қаңтар күні кешке сүңгуірлер жақын маңдағы Перетаска каналын тексереді.
«Сүңгуірлердің іздеу жұмыстарын су асты камерасының көмегімен жүргізді. Баланың денесі Перетаска каналының ортасынан табылды. Таңертеңнен бері сүңгуірлер суға бірнеше рет түсті. Былтырғы жылдың басында да дәл осы су айдынында екі бала қаза тапқан болатын», - деп хабарлады Атырау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қоғаммен байланыс тобының өкілдері.
Тағы оқи отырыңыз: Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылмай жатыр.