Ресейлік жас әнші «Отан Ана» әнін шырқады (ВИДЕО)

Ресейлік жас әнші «Отан Ана» әнін шырқады (ВИДЕО)

Ресейлік жас әнші «Отан Ана» әнін шырқады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұратын Алиса Супронова есімді бойжеткен жаппай тәртіпсіздік болған Қазақстанды қолдау мақсатында қазақ тілінде ән шырқаған видеосын Youtube-арнасында жариялады, деп жазды turkystan.kz. Магаданның 21 жастағы тумасы бірнеше жылдан бері әртүрлі тілдердегі әндерді орындаумен әуестеніп келеді. Алисаның айтуынша, «Отан-Ана» әнін алғаш рет Қазақстанға келген кезде естіген. Біздің ел бойжеткенге қатты ұнаған.
«Қазақ халқы өте қонақжай және ақкөңіл. Екінші шумақты қазақ ағайындар бізден қолдауды сезіну үшін және соғыстың қорқынышты дауысына ермеуі үшін орыс тілінде орындадым», - деді Алиса.
Қазақстан жас әншіге сұлулығымен, қонақжайлығымен және мейірімділігімен жағымды әсер қалдырған екен.
«Мен достас елде бұрынғыдай тыныштық орнауын тілеймін. Бұл ән бәрімізге ең маңызды екенін еске салады», - деп қорытындылады бойжеткен.