Астаналық жігіт сүйіктісін 14-қабаттан лақтырып жібермек болды (ВИДЕО)

Астаналық жігіт сүйіктісін 14-қабаттан лақтырып жібермек болды (ВИДЕО)

Астаналық жігіт сүйіктісін 14-қабаттан лақтырып жібермек болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Елордада 23 жастағы жігіт сүйіктісін ойыншық тапаншамен қорқытып, 14-қабаттан лақтырып жібермек болған, деп хабарлады turkystan.kz. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 22 қаңтарда «102» нөміріне Сарайшық көшесінде қолында тапаншасы бар адам қызды үйдің 14-қабатына шығарып, итеріп жіберуге тырысып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген патрульдік полиция полкінің инспекторлары Дархан Шүкенов пен Дархан Әбдікеев қайғылы жағдайдың алдын алған.
«Күдікті ұсталып, Полиция басқармасына жеткізілді. 22 жастағы қызға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тапаншаның ойыншық екені анықталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.