ІІ Дүниежүзілік соғыстан оралмаған 500 қазақтың жатқан жері табылды
ІІ Дүниежүзілік соғыстан оралмаған 500 қазақтың жатқан жері табылды
Екінші дүниежүзілік соғыста майдан даласында опат болған және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық 500 жауынгердің жатқан жері анықталды. Чех ғалымдары жасаған тізім бойынша Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Анатолий Плешаков сол майдангерлердің туған-туыстарын іздестіріп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Тарихшы қолда бар мәліметтерді баспасөз беттеріне жарияламақ. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстаннан соғысқа 1 миллион 200 мыңнан астам адам аттанған болатын. 600 мың отандасымыз елге оралмады. Олардың 125 мыңы хабар-ошарсыз кетті.