Алматы метросында 2 жігіт оқушыларды тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан

Алматы метросында 2 жігіт оқушыларды тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан

Алматы метросында 2 жігіт оқушыларды тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан
ашық дереккөзі
Алматы метростанцияларының бірінде 2 ер адам 3 жасөспірімді соққыға жыққан. Жанжал барысында олардың бірі тапанша алып шығып, сес көрсеткен, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. Оқиға куәгері әлеуметтік желіде жазба жариялап, ер адамдардың суретін бөліскен. «Жұмыстан қайтып келе жатқанмын. Екі ер адам мектеп оқушыларын соққыға жықты. Олардың бірі тапанша алып шығып, сес көрсете бастады» деп жазды ол. Метростанцияда болған оқиғаға қатысты Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов жауап беріп, күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді. Жанжал салдарынан бір жігіт жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілді.
«Күдіктілер ұсталды. Олардан қарсыластарын қорқытқан тапанша тәркіленді. Тапаншаның кімге тиесілі екенін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.