UFC-дің экс-чемпионы Олег Тактаров Мексикада соққыға жығылды (ВИДЕО)

UFC-дің экс-чемпионы Олег Тактаров Мексикада соққыға жығылды (ВИДЕО)

UFC-дің экс-чемпионы Олег Тактаров Мексикада соққыға жығылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Октагонда «Орыс аюы» лақап атымен танымал болған 54 жастағы ресейлік актер Олег Тактаров Мексикада оңбай таяқ жеді, деп жазды turkystan.kz. UFC-дің бұрынғы чемпионы қонақүйдің күзетшілерімен сөзге келіп қалған жергілікті қызға болысқан. Сол оқиғадан кейін белгісіз адамдар оны желке тұсынан соққы жасап, есінен тандырған. Кейін бірнеше адам тепкілеп, тұншықтыруға тырысады. Бұл кезде Олег Тактаровтың аяқтары байланып, қолдары кісенделіп тұрған. Ресейдің бірінші UFC чемпионы Instagram-дағы жеке парақшасында видео жариялап, болған жайтты егжей-тегжей баяндап берді.
«Олар желкемнен ұрды. Менің ойымша, бейсбол таяғымен. Ішкі гематома болды. Үстіме он адам секірді. Тұншығып жатқан соң ояндым. Тұншықтырғылары келді. Қолымды артыма қайырып, балық аулайтын жіппен аяғымды байлады. 30-40 минут қозғалмай жатып қалдым, бірақ ұра берді. Бұл – жергілікті мафия құрылымының бір түрі. Полиция келгенде, жеңілдеп қалдым. Аман қалатынымды түсіндім. Өйткені әр секунд сайын өліп қаламын деп ойладым. Ауа жетпеді», - деді Олег Тактаров.
Аралас жекпе-жектің ардагері Ресейге оралғаннан кейін алдымен Дағыстан курорттарына емделуге барып, тозған жүйкесін қалпына келтірмек.