Депутат өзін «ақымақ» деген ер адамды сотқа берді

Депутат өзін «ақымақ» деген ер адамды сотқа берді

Депутат өзін «ақымақ» деген ер адамды сотқа берді
ашық дереккөзі
Ақтөбелік сот әлеуметтік желіде облыстық мәслихат депутатын қорлаған азаматқа жаза тағайындады, деп жазды turkystan.kz «Диапазон» сайтына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, бәрі Facebook әлеуметтік желісінде басталған. Белгілі болғандай, 2021 жылдың жазында жергілікті ауыл шаруашылығы колледжінің парақшасында ұжым өздерінің директоры Амангелді Есеркеповті (облыстық мәслихат депутаты) зейнетке салтанатты түрде шығарып салынғаны туралы жазба жарияланған. Желі қолданушыларының бірі бұл жазбаның астына директордың жеке басына тіл тигізіп, ар-намысын қорлайтын сөздер жазған. Соның ішінде «ақымақ» және «старпер» деген дөрекі сөздерді кездестіруге болады. Мұны көрген депутат пікір жазған авторды сотқа берген. Айыпталушының бір жылдары ауыл шаруашылығы колледжінде оқытушы болып жұмыс істегені анықталды. Ол прокурорлық ұйғарымнан кейін жұмыстан шығарылған екен. Айыпталушы кінәсін мойындаған жоқ. Ол Facebook-те Амангелді Есеркеповті қорламағанын, тіпті, оның парақшасына тіркелмегенін айтып ақталған. Дегенмен сот колледждің бұрынғы оқытушысын 50 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту туралы үкім шығарды. Бірақ оны рақымшылыққа байланысты ол жазадан босатқан. Сондай-ақ сотталушы Амангелді Есеркеповке моральдық зиян ретінде 100 мың және осы іс бойынша заңгерлерге 500 мың теңге төлеуі тиіс деген шешім шығарды.