Алматыда құрылыс краны құлап, бір адам көз жұмды

Оқиға «Таугүл-1» шағынауданында құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағында орын алған, деп жазды turkystan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, кран құлаған сәтте қатты дыбыс шыққан. Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады.

«Аталмыш факті ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаны Әуезов аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр. Құрылыс кранының құлауы салдарынан 49 жастағы краншы мерт болды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Бас мердігер «Мирас Констракшн» ЖШС кранды «ЖК Star Rent» компаниясынан жалға алған. Мерт болған краншы – осы техниканы жалға беруші компанияның жұмысшысы.

«Марқұм 1973 жылы туған Майнов Б.С. деген азамат. Ол кран құлаған сәтте ауыр жарақат алып, жедел жәрдем көлігі жеткенше көз жұмды», – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button