Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылмай жатыр

Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылмай жатыр

Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылмай жатыр
ашық дереккөзі

Сенбі, 22 қаңтар күні Атырау қаласындағы «Балықшы» шағынауданында тұратын 2013 жылы туған бала жоғалып кетті, деп жазды turkystan.kz. Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Бұл туралы полицияға кеше, 22 қаңтар, сағат 19.28-де хабар түскен.

«40 жастағы қала тұрғыны полицияның «102» операторына қоңырау шалып, 2013 жылғы ұлы Еппили Сайали Ананд Раоның жоғалғаны туралы хабарлады. Оның айтуынша, сағат 15.00 шамасында 9 және 7 жасар ұлдары тұрғын үйдің алдына ойнауға шығып кеткен. Алайда, кешкі сағат 18.00-де кіші ұлы үйге оралған. Ал, үлкен ұлы үйге қайтар жолда жоғалып кеткен», - деді департаменттің баспасөз қызметі.
Ата-ана жоғалған баланы өздері таба алмаған соң полицияның көмегіне жүгінген. Қазір жоғалып кеткен 9 жасар баланы іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.