Шавкат алғаш рет UFC-дің бас кардында жұдырықтасады

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (14-0) 5 ақпанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 200 турнирінде гайаналық Карлстон Харриске (17-4) қарсы шығады. Бұл жекпе-жек турнирдің бас кардына қосылған, деп жазды turkystan.kz.

Бұл – Рахмоновтың атақты промоушендегі үшінші, ал басты кардтағы бірінші жекпе-жегі.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы алдын ала кардтың екі жекпе-жегінде тәжірибелі бразилиялық Алекс Оливейра мен Мишель Празересті тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

Ал Карлстон Харрис UFC-де екі жекпе-жек өткізген. Ол қарсыластарын бірінші раундта нокаутпен сұлатқан.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button