Нұр-Сұлтанда жаңа карантин шаралары енгізілді

Нұр-Сұлтанда жаңа карантин шаралары енгізілді

Нұр-Сұлтанда жаңа карантин шаралары енгізілді
ашық дереккөзі
21 қаңтарда Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова «Елордадағы шектеу және карантин шаралары туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп жазды turkystan.kz. Қала тұрғындары мен қонақтары Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарға кіру үшін қойылған талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Маска тағу, қашықтықты сақтау және антисептик қолдану талаптарын да қатаң сақтауы қажет. Әкімдікке, Кәсіпкерлер палатасына, қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасына, кәсіпкерлік субъектілеріне бірқатар кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын қолдануды жалғастыру тапсырылды. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасына елорда тұрғындары арасында вакцинация мен ревакцинация жүргізуді жандандыру тапсырылды. Қаулының толық мәтіні Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтында жарияланды.