«Төрешілер «Канелоға» Головкинді жеңуге көмектесті» – Игнасио Беристайн

«Төрешілер «Канелоға» Головкинді жеңуге көмектесті» – Игнасио Беристайн

«Төрешілер «Канелоға» Головкинді жеңуге көмектесті» – Игнасио Беристайн
ашық дереккөзі
Мексиканың танымал бапкері Игнасио Беристайн vRINGe.com сайтына берген сұхбатында «Аңыз боксшы» атағын екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы, отандасы Сауль «Канело» Альвареске қимайтынын айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Канело» жаттығу залында барынша тер төгеді. Ол өте мықты боксшы. Эдди Рейносо оның боксшы ретінде өсуі үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Алайда, мен оны бокс тарихындағы үздіктердің қатарына қоса алмаймын. Ол әлі өз мақсатына жету жолында жүр. Ең маңыздысы – мексикалық жанкүйерлердің көңілінен шығу. Осы күнге дейін жеңіп алған чемпиондық белдіктер мен қомақты қаражат «Канелоны» ұлы боксшы қыла алмайды. Альварестің статистикасына әлі де ұлы жекпе-жектер жетіспейді», - деді ол.
канело Мексикалық жаттықтырушы сұхбат барысында «Канело-Головкин» триосы туралы да тоқталып өтті.
«Иә, ол барлық шайқасында жеңіп жүр. Стилі үшін мен «Канелоны» құрметтеймін. Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан кезде оған төрешілер аздап болсын көмектескенін білеміз. Ал мен «Канелоның» ешкімнің көмегінсіз таза жеңіске қол жеткізгенін қалаймын. Аты аңызға айналған боксшы деп мен үлкен Чавес пен Мэнни Пакьяоны айтар едім», - деді Игнасио Беристайн.