Арнольд Шварценеггердің көлігі ауыр жол апатына ұшырады

Арнольд Шварценеггердің көлігі ауыр жол апатына ұшырады

Арнольд Шварценеггердің көлігі ауыр жол апатына ұшырады
ашық дереккөзі
Америкалық актер әрі саясаткер Арнольд Шварценеггер АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жол апатына ұшырады. Екінші көлікте отырған әйел ауруханаға түсті, деп жазды turkystan.kz.
«Арнольд Yukon жол талғамайтын көлігімен келе жатқанда қызыл Prius-пен соқтығысқан... Оның жол талғамайтын көлігі аударылып, Prius көлігінің төбесіне түсті», - делінген TMZ порталы таратқан хабарламада.
Куәгерлердің айтуынша, қақтығыстың қатты болғаны соншалық, Yukon-де қауіпсіздік жастықтары қосылған. Абырой болғанда, голливудтық актер ауыр жарақат алмаған. Ал екінші көлікте отырған әйел ауруханаға жеткізілді.
«Бізге Арнольдтің жағдайы жақсы екені хабарланды», - деп жазды TMZ.
Полицияның алдын-ала мәліметтері бойынша, апаттың орын алуына Калифорнияның бұрынғы губернаторы кінәлі. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде көлігін тоқтатпаған. Қазір Арнольд Шварценеггердің алкогольдік ішімдікке немесе есірткіге мас болғаны белгісіз.