Теріде көрінетін коронавирус симптомын білесіз бе?

Теріде көрінетін коронавирус симптомын білесіз бе?

Теріде көрінетін коронавирус симптомын білесіз бе?
ашық дереккөзі
Ресейлік онкодерматолог Екатерина Вертиева әлемдік пандемияға себепші болған COVID-19 тері ауруларының өршуіне әкелетінін айтты, деп жазды turkystan.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап. Маман «омикрон» немесе «дельта» сияқты коронавирустың штамдарында бірдей дерматологиялық белгілер байқалатынын түсіндірді.
«Коронавируста жиі кездесетіні – улы эритема. Яғни, терідегі көк дақтардың пайда болуы. Ауыз қуысының шырышты қабығына зақым келуі де мүмкін. Көбік пайда болады, бірақ бұл сирек кездеседі. Көкшіл дақтар негізінен теріде шығады», - деді Екатерина Вертиева.
Ресейлік маманның айтуынша, коронавирустың дерматологиялық белгілері арасында екінші орында есекжем тұр. Басқа аурулар да кездеседі  екен.
«Коронавирустың өзі тері ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін. Біз теңге қотырдың өршуін немесе басталғанын, оғаш дерматиттің өршуін көріп отырмыз», - дейді Екатерина Вертиева.
Сонымен қатар, маман, сирек жағдайларда COVID-19 пациенттерде тері тамырларының зақымдалуына (васкулит) әкелуі мүмкін екенін айтты.