Жас отбасы баспана алу үшін 18 жыл кезек күтуі керек пе?

Жас отбасы баспана алу үшін 18 жыл кезек күтуі керек пе?

Жас отбасы баспана алу үшін 18 жыл кезек күтуі керек пе?
ашық дереккөзі
Биыл сәбилердің туу өсімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 мыңға артқан. Дегенмен, жас отбасылардың тұрғын үй мәселесі әлі де шешілмей отыр. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
 Қазақстанда балалар өсімі күрт артқаны байқалады. Мәселен, 2016 жылдың алғашқы 4 айында 131 мың сәби дүниеге келген. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 4 мыңға көп. Зерттеушілердің айтуынша, егер 2013-2015 жылдар аралығында ешқандай өсім болмағанын ескерсек, бұл жағдайды «демографиялық ілгерілеу» деп бағалауға болады.
«Алайда жас отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету әлі де жеткіліксіз. Мәселен, 1 баласы бар, ата-анасының бірі ғана толыққанды жұмыс жасайтын отбасы 1 бөлмелі (34 шаршы метр) үй алу үшін кем дегенде 18 жыл кезекте тұру керек. Мәселені кредит алу арқылы да шешу қиындық тудырады. Себебі бүгінгі таңда ипотекалық нарық жабылу қарсаңында тұр. Сонымен қоса, оның пайыздық өлшемін жастардың қалтасы көтермейді», — дейді сарапшылар. Жастар үшін жалғыз шешім — «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ұсынатын 4% жеңілдік беретін жоба. Ата-анасының бірі ғана жұмыс істейтін отбасында коммерциялық банктерде беретін 17 пайыздық ипотеканы 15 жылда төлеуге жалақының 57% (яғни, 81 мың теңге) кетеді. Дәл осындай бір бөлмелі үй үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» 28% (яғни, 39 мың теңге) төленеді.