Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Нұр-Сұлтан қаласын кей уақыттарда тұман басады. Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың солтүстігінде тұман болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.