Карантиндік шектеулер қайта қаралды

Карантиндік шектеулер қайта қаралды

Карантиндік шектеулер қайта қаралды
ашық дереккөзі
COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарға үй карантині мерзіміне қатысты өзгерістер енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz. Мәселен, COVID-19 жұқтырып алған адаммен байланыста болған адамдар  ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болмаған кезде (егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Байланыста болған адамда ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантинінің 7-күні ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады. Егер үй карантинінің 7-күнінде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынамаларды іріктеу жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін жалғасады. Карантиндеудің ұқсас тактикасы коронавирустық инфекцияның асимптоматикалық ағымы бар науқастарға да қолданылады. (Бұрын болған: 3 тәулікке ПТР әдісімен тексеру және 14 күн ішінде карантин) Алгоритмдерге редакциялық түзетулер енгізілді. Осы қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.