«5 жылда 30-дан астам әлемдік марапатқа ие болдым» – қазақ әншісі

«5 жылда 30-дан астам әлемдік марапатқа ие болдым» – қазақ әншісі

«5 жылда 30-дан астам әлемдік марапатқа ие болдым» – қазақ әншісі
ашық дереккөзі
Әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген 21 қаңтарға қатысты ерекше естелігімен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Дәл бүгін мен үшін ерекше күн. Себебі 2017 жылдың 21 қаңтарында шығармашылық әлемімнің жаңа тынысы ашылды. Менің өмірімде #Dears атты үлкен әлем пайда болды. 2017 жылы I am singer жобасының бірінші турынан кейін келесі күні жұртшылыққа Dimashi есімі танымал бола бастады. Сіздермен болған 5 жыл ішінде мен ең таңдаулы сахналарда өнер көрсетіп қана қоймай, 30-дан астам әлемдік музыкалық марапаттарға ие болдым», - дейді Димаш Құдайберген.
Сондай-ақ ол әрбір жеңіске жанкүйерлерінің қолдауымен жеткенін айтты. «Өткен күндерге көз жүгіртетін болсақ, Bastau Live Show, D-Dynasty World Live Tour, «Арнау Live Show» секілді жеке концерттік бағдарламаларыммен Азия, АҚШ, Еуропа сахналарын сіз бен біз болып бірге бағындырдық. Енді 25 наурыз Дубайда, менің жеке концертімде кездескенше, My Dear’s» деп жазды ол.