Бейжің Олимпиадасы: Қазақстан туын кім ұстап шығады?

Бейжің Олимпиадасы: Қазақстан туын кім ұстап шығады?

Бейжің Олимпиадасы: Қазақстан туын кім ұстап шығады?
ашық дереккөзі
2022 жылы Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. Шорт-тректен Қазақстан командасының көшбасшысы, әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы әрі жүлдегері Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова алдағы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын алып шығу мәртебесіне ие болды. Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 ақпан күні Бейжіңдегі ұлттық стадионда өтеді.