Қостанайда дүкен иесі 5 жылдан бері тегін нан таратып келеді (ВИДЕО)

Қостанайда дүкен иесі 5 жылдан бері тегін нан таратып келеді (ВИДЕО)

Қостанайда дүкен иесі 5 жылдан бері тегін нан таратып келеді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қостанайда дүкен иесі жұма сайын тегін нан таратады. Ол зейнеткерлер мен мүгедектерге, көпбалалы отбасыларға 5 жылдан бері жақсылық жасап жүр, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Кәсіпкер Светлана Багмут әр жұмада 170-ке  жуық бөлкені тегін таратады. Сауапты істі 5 жылдан бері жалғастырып  келеді. Тұрғындар тегін нан алу үшін шаһардың жан-жағынан ағылып жатқан көрінеді.
- Бұл игі істі жалғастыра береміз. Тегін нан алғысы келетіндер қатары артып  келеді. Мысалы, бүгін келгендердің  көбісі өзге шағынауданның тұрғындары. Біз барлығына жетерліктей тапсырыс беріп отырамыз. Алдағы аптада тегін берілетін бөлкелер санын тағы көбейтеміз, - деді кәсіпкер Светлана Багмут.
Дүкен иесінің айтуынша, қайырлы істі жасауға оның  жұбайы түрткі болған. Бірнеше жыл бұрын Светлананың қосағы ауыр дертке шалдығып, ота жасатыпты. Қазір денсаулығы тәуір. Оның аяғынан тік тұрып кетуіне әуелі Жаратқан, одан кейін осы көпшіліктің ақ батасы медет болды деп санайды. Сондықтан сауапты істі сабақтай береміз, дейді қайырымды кәсіпкер.