Астанадағы балабақшада 2 жасар қызды оңдырмай сабап тастаған (ФОТО)
Астанадағы балабақшада 2 жасар қызды оңдырмай сабап тастаған (ФОТО)
Әлеуметтік желіде кішкентай бүлдіршіннің елордалық балабақшада алған жарақаттары бар суреттері тарап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Жазба авторының айтуынша, оқиға 12 қаңтарда «Алан» балабақшасында болған. «Ата-анасы қызының денесіндегі жарақатын үйіне барғанда ғана байқаған. Полиция бөліміне хабарласып, арыз жазған. Тергеуші әлі күнге дейін сот-медициналық сараптамасын алмаған, іс қозғамай жатыр. Сурет пен видео бар. Біз сотты күтіп отырмыз», - делінген хабарламада.