Ақмола облысында 17 оқушы жүкті болып қалған

Ақмола облысында 17 оқушы жүкті болып қалған

Ақмола облысында 17 оқушы жүкті болып қалған
ашық дереккөзі
Ақмола облысында он жеті оқушы ана атанбақ. Ал, облыста биылғы жылдың он айында 62 жасөспірім жүкті болған.
 Қала тұрғындары бұл мектептегі оқыту жүйесінің дұрыс болмауынан деп отыр. Ал білім басқармасындағылар біз қолдан келген жұмысты жүргізіп жатырмыз, бірінші кезекте қыздарына ата-аналардың өздері жауапты дейді.
Мектеп қабырғасында жүріп, жүкті болатын оқушы қыздардың саны биыл Ақмола облысында аса көп болып отыр. Жеткіншек жастан жыныстық қатынасқа түсіп, бала көтеріп қалатын қыздар бірден тіркеуге алынады. «Өткен жылы 60 болатын, ал биылғы жылдың 10 айында 62 жасөспірім жүкті болып қалған. Оның ішінде 26 оқушы аборт жасатқан», - дейді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Шанхи Утебаева. Жүкті болып қалған жасөспірімдердің ішінде отыз бесі мектеп оқушысы, ал тоғызы 9 сыныптан соң колледжге түскен студенттер. «Біз әрқашан мектеп ішінде оқушылар арасында түсіндіру жұмыстырын жүргіземіз. Балаларына негізінен ата-аналар жауапты. Сондықтан ата-аналармен кездесіп, жиі жиналыстар өткіземіз. Жүкті болған жасөспірімдердің жартысы қазір отбасын құрған. Оқушыларға кешкі мезгілде оқуларын жалғастыруға мүмкіндік қарастырылған», - деді Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ольга Ковалева. Бұрын-соңды болмаған мұндай келеңсіздіктің етек жаюына жағаларын ұстаған қала тұрғындары бұған қандай да бір тосқауыл қою қажет. Әсіресе мектепте тәлім-тәрбиеге баса назар аударылғанын қалайды. «Жастарда жалпы еркіндік өте басым. Соның салдарынан қыздардың жүктілік мәселесі өте көп кездесіп жатыр. Мектепке жаңа пәндер енгізу керек. Мүмкін қыздар клубын ашу керек пе?», - дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Аушан Сайлауқызы. Десе де, мектеп бағдарламасына бұл мәселе бойынша әзірге қандай да бір өзгерістер енгізілмейді дейді білім басқармасындағылар. Ал оқушылармен жыныстық қатынасқа түскен ер азаматтар заң бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.