Жол апаты 4 адамның өмірін қиып кетті

Жол апаты 4 адамның өмірін қиып кетті

Жол апаты 4 адамның өмірін қиып кетті
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында болған жол-көлік апаты барысында 4 адам көз жұмды, деп жазды turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Омбы-Майқапшағай» тасжолындағы Жарма ауданының аумағында болған.
«19 қаңтарда күндізгі сағат 13.00 шамасында тасжолда келе жатқан Kia Rio мен Mitsubishi маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан Kia Rio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және Mitsubishi көлігінің бір жолаушысы сол жерде жан тапсырды. Сондай-ақ, Mitsubishi-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - деді баспасөз қызметінің өкілі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.