«Көмекшілер» қарттар үйінің кіржуғыш машинасын ұрлап кеткен

«Көмекшілер» қарттар үйінің кіржуғыш машинасын ұрлап кеткен

«Көмекшілер» қарттар үйінің кіржуғыш машинасын ұрлап кеткен
ашық дереккөзі
Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы қарттар үйінен екі ер адам кіржуғыш машинаны ұрлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz. Полицейлер куәгерлерден жауап алу барысында ұрлық болған күні қарттар үйіне бірнеше көлік келгені анықтады. Криминалды полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іске қатысы бар деген күдікпен 44 және 52 жастағы екі ер адам ұсталды. Жауап алу кезінде күдіктілер қарттар үйіне көмек ретінде азық-түлік апарғанын, кетер кезде көлікке кір жуғыш машинаны салып алғанын мойындады. Шығын көлемі – 600 мың теңге. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабына («Ұрлық») сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.