Жаңалықтар

«Санкция салу мемлекетке қалай әсер етеді?» - экономист жауабы

ашық дереккөзі

«Санкция салу мемлекетке қалай әсер етеді?» - экономист жауабы

Бұл туралы экономист Бауыржан Ысқақов пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. «Санкция - бір сөзбен айтқанда, шектеу енгізу. Егер санкцияға салынған кез келген мемлекетте адам құқықтары тапталып, бостандығы бұзылу секілді фактілер анықталатын болса, тиісінше басқа елдер сол мемлекеттің кейбір азаматтарының жүріп-тұруына тыйым салады, сондай-ақ экономикалық байланыс жасауына шектеулер қойылады», - деді экономист. Оның айтуынша, мұндай кезде мемлекет қандай себептерге байланысты санкция салынып жатқанын анықтауы керек. Сонымен қатар, сарапшы санкция салынған мемлекетке халықаралық инвестициялар ағыны азаятынын атап өтті. «Мәселен, Еуропарламенттің тарапынан салынған санкция декларация түрінде, яғни бұл міндетті емес. Мұны ескерту деп қабылдауға болады. Егер ол келешекте күшіне еніп, халықаралық санкцияға жететін болса, онда еліміздің инвестициялық тартымдылығына, сондай-ақ климатына кері әсер тигізеді. Өйткені мұндай санкция салынған мемлекеттердің кәсіпорындарына немесе қандай да бір бизнес түрлерін жүргізуге шектеулер қойылады. Елде экспорт және импорттық тауарлар азаюы мүмкін. Яғни, көлемі мен сандарына шектеу қойылады. Санкциялар тек экономикалық емес, кейбір шенеуніктерге де жасалуы мүмкін. Олардың басқа мемлекетке кіріп-шығуына рұқсат берілмейді», - деді сарапшы.