«Самұрық-Қазына» қоры бір айдан кейін жабылуы мүмкін

«Самұрық-Қазына» қоры бір айдан кейін жабылуы мүмкін

«Самұрық-Қазына» қоры бір айдан кейін жабылуы мүмкін
ашық дереккөзі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның шығыны көп әрі тиімсіз жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ірі кәсіпкерлермен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Мен Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорын реформалауды тапсырдым. Қазір қордың құрылымы ашық емес, оған саяси маңызды адамдар басшы болып барады. Қордың сатып алу жүйесі тиімсіз. Жұмысшылар өз ішінде сыйыспайды, шығынға бата жұмыс істеп жатыр. Ауқымды жобалар аяқсыз қалып, қордың жұмысын қамтамасыз ету үшін қыруар қаражат жұмсалуда. Осы мәселелердің барлығы қоғам наразылығын тудырып отыр. Сол сияқты осы уақытқа дейін мұнай-химия зауытын сала алмағанымыз да ішіңді ашытады», – деді Президент.
Сонымен қатар, ол Қазақстан әлі күнге дейін Кеңес үкіметінен қалған зауыттарды жөндеп жүргенде, көрші Өзбекстанның жаңадан 2-3 зауыт салып алғанын атап өтті.
«Директорлар кеңесінің рөлі мен тәуелсіз директорлар тек қағаз жүзінде ғана бар. Қорды түбегейлі реформалау туралы тапсырма беремін. Алмасадам Сәтқалиевпен бұл туралы сөйлескенмін. Реформалау бойынша тапсырмамды орындай алмаса, өзі де, онымен бірге қор да келмеске кетеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.