Сарыағаштық шенеунік журналистің өмірін 5 млн теңгеге бағалаған

Сарыағаштық шенеунік журналистің өмірін 5 млн теңгеге бағалаған

Сарыағаштық шенеунік журналистің өмірін 5 млн теңгеге бағалаған
ашық дереккөзі
Түркістан облысының полицейлері қастандық жасау дерегін әшкереледі, деп хабарлады turkystan.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, биыл 3 қаңтарда әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Сарыағаш ауданындағы белгілі журналистің үйіне шабуыл жасалып, оның ұлы жарақат алғаны туралы ақпарат тараған.
«Сарыағаш ауданында жасалған қылмыс туралы ақпарат алған соң, қылмыс орнына жедел жұмыс жөніндегі орынбасарым Құрманбек Сақов бастаған криминалдық полицияның кәсіби жедел қызметкерлері мен тергеушілер тобын жібердім. Олар келген бойда белгісіз біреулер журналистің үйіне автокөлікпен келіп, терезеден оқ атып, қашып кеткенін анықтады. Салдарынан үй иесінің баласы жараланды», - деді Түркістан облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.
Сол күні полиция қызметкерлері бұл деректі аудандық полиция бөлімінде тіркеп, ҚР ҚК-нің 24, 99-бабы («Адам өлтіруге оқталу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Дәлбеков бірден бірқатар нұсқа қарастырылғанын, соның ішінде қылмыс журналистің кәсіби қызметіне байланысты жасалғанын жеткізді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция назарына Шымкенттің екі тұрғыны іліккен.
«Жедел уәкілдер оларды тұрғылықты жері бойынша ұстады. Содан кейін делдалдар мен қылмысқа тапсырыс берушілер белгілі болды. Бүгінде осы қылмысқа қатысы бар 5 күдікті ұсталды. Заттай айғақ ретінде олардан ВАЗ маркалы 2 автокөлік тәркіленді. Қылмыскерлер оны қылмыстық жолмен келген ақшаға сатып алған. Сондай-ақ 16-калибрлі оқ-дәрі тәркіленді. Қазір Сарыағаш ауданындағы шенеуніктің осы іске тапсырыс бергені анықталды. Ол журналистің өмірін 5 миллион теңгеге бағалаған. Ол өзінің бұрынғы қызметкеріне, ал қызметкері делдалға барып, содан кейін делдал осы қылмысты жүзеге асыратын екі орындаушыны тапқан», - деді ПД бастығы.
Тағы оқи отырыңыз: Қызметімен байланыстырады: түркістандық журналистің ұлын біреулер атып кетті Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір олармен тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.