Президент кәсіпкерлермен жиі кездесуге дайын екенін айтты

Президент кәсіпкерлермен жиі кездесуге дайын екенін айтты

Президент кәсіпкерлермен жиі кездесуге дайын екенін айтты
ашық дереккөзі
Еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық реформа бағыттарының бірі ретінде жобалық топ құру қажеттігін айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Оған әрқайсыларыңыз өз өкіліңізді жіберіп те, жеке де қатыса аласыздар. Бұл жерде жеке бюрократия мен формализмнің қажеті жоқ. Сіздердің әрқайсыңыз – ең алдымен істің адамысыздар», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, дайындалған топтамалар мен ұсыныстар жаңа экономикалық саясаттың орта мерзімді бағдарламаларының негізіне айналуы тиіс.
«Меніңше, мұндай орган бизнестің ойы мен идеяларын тікелей жеткізуге, шешімдердің кабинетте шешілуін төмендетуге мүмкіндік береді. Мен сіздермен бүгінгідей жиі кездесу өткізуге дайынмын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.