50 мың теңгеге күнкөретін халықтың байлығын 162-ақ адам иеленіп алған

50 мың теңгеге күнкөретін халықтың байлығын 162-ақ адам иеленіп алған

50 мың теңгеге күнкөретін халықтың байлығын 162-ақ адам иеленіп алған
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайтынын, жағдайды шұғыл өзгерту керек екенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.  Бұл ретте Мемлекет басшысы ұлттық табыс құрылымында 2020 жылы бизнестің табысы ең жоғары үлес – 61,5 пайызға ие болғанын айтты. Ал салық үлесі – 7,3 пайыз.
«Бұл – өте аз. Мысалы, Ресейде экономиканың ұқсас құрылымына қарамастан, жалақы 46,7 пайыз болады, яғни бізден 1,5 есе көп. Ұлттық табысты бөлудің айқын теңгерімсіздігі мен әділдікте айқын мәселе бар. Халықаралық сарапшылар, соның ішінде KPMG 162 адамға байлықтың тең жартысы тиесілі екенін растайды. Ал халықтың жартысында кіріс 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылына 1300 доллардан сәл асады. Мұндай табысқа жету мүмкін емес. Жағдайды шұғыл өзгерту керек!» - деді Президент.