«Адамдар бизнестің барлық түрі неге бір адамның қолында деп ойлайды...» - Тоқаев

«Адамдар бизнестің барлық түрі неге бір адамның қолында деп ойлайды...» - Тоқаев

«Адамдар бизнестің барлық түрі неге бір адамның қолында деп ойлайды...» - Тоқаев
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің бір қолға шоғырлануы мемлекет үшін қауіпті екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Осы орайда, ол реформалар жөніндегі жоғары экономикалық кеңес отырыстарының бірінде Қазақстанда олигополия бар екенін айтқанын еске алды.
«Мен дәл осы тезисті Парламентте 11 қаңтарда қайталадым. Мұнда қатысқандардың бәрі олигополияның классикалық анықтамасын біледі деп үміттенемін. Бизнестің бір қолға шоғырлануы, кәсіпкерлікке қабілетті басқа адамдардың айналысу мүмкіндігі болмауы барлық мемлекет үшін қауіпті үрдіс саналады. Біздің жағдайда бұл ерекше күшпен көрінді. Олигополия - бизнесті әртараптандыруға тұрақты ұмтылыс, бірақ бұл ел экономикасын әртараптандыру үшін емес. Яғни, сол адам немесе сол компания өндіреді, өңдейді және банктермен жұмыс істейді, басқа да көптеген бизнестерді жүзеге асырады. Ал қалғандары тигенін алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде.
Сонымен қатар, Президент бизнесті монополиялау үрдісінің дұрыс еместігін алға тартты.
«Адамдар бизнестің барлық түрі неге бір адамдардың қолында деп ойлайды. «Біздің қай жеріміз кем?» деген сұрақ қояды. Гегельді Бабельмен шатастыратын, арнайы білімі жоқ адамдар бар, бірақ олардың қолында үлкен бизнес бар. Сонымен қатар, арнайы курстарды бітірген білімді адамдар бизнес көздеріне, несие ресурстарына және т.б. қол жеткізе алмайды. Бизнес дами береді. Бұл депрессияны, қоғамға сенбеуді, осыдан туындайтын барлық әлеуметтік-экономикалық салдармен әділдікке сенбеуді тудырады», - деді Президент.