Оралда 6 жасар қыз тоққа түсіп қалды

Оралда 6 жасар қыз тоққа түсіп қалды

Оралда 6 жасар қыз тоққа түсіп қалды
ашық дереккөзі
Оқиға 2021 жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облысындағы Деркул ауылында болған. Содан бері 9 ай өтсе де, іс қозғалар емес, деп жазды turkystan.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 жасар Айя Жұмалиева үйдің ауласында тоққа түскен. Бүлдіршін алған жарақатының салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Сол кезде бұл іс жазатайым оқиға ретінде тіркелген болатын. Бүгіндері Айяның анасы тергеушілерден істі толыққанды тергеп, жауапты адамдарды анықтауды талап етіп отыр.
«Екі баламмен анамның үйіне келгенбіз. Кішкентай қызым ауладағы балалармен ойнауға шығып кетті. Қызым сол жердегі газ құбырын ұстағаны сол, аяқасты сұлқ құлаған. Оның қасында болған үлкен ұлым Айяны үйге көтеріп әкелді. Әуелде не болғанын түсінбей қалдық. Тіпті, оның өліміне тоқ себепкер деген ой да келмеді. Есінен танып қалды деп ойладық. «Жедел жәрдем» көлігі келіп, дәрігер қызымды бастан-аяқ қарап шықты. Денесінде жарақат та, соққының ізі де жоқ. Бірақ олар өлім себебін таппады», - дейді Әлия Нәубетова.
Қайғы жұтқан ананың айтуынша, содан бері біраз уақыт өткеннен соң іс сотқа жетті. Алайда, нақты кінәлілер табылмады. Қылмыстық іс қозғалғандықтан, милиция нақты себебін білу үшін сот-медициналық сараптама жасауға көндірген. Нәтижесінде, кішкентайдың тоқ соққаннан қаза тапқаны расталды.
«Іс бойынша қажетті сараптамалар жүргізілді. Нәтижесінде баланың өлімі тоқтан екені расталды. Бірақ ол жерде газ құбыры тұр. Онда тоқтың қайдан пайда болғаны белгісіз. Қазір біз бірнеше нұсқасын қарастырып жатырмыз. Бәрі тергеу барысында анықталады. Нақты қандай бап бойынша екенін көрсетілмеді. Алайда, өлім фактісі деп іс тергелуде, – деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бастапқыда Айя Жұмалиеваның қайтыс болу фактісі бойынша полицейлер ҚР ҚК 306-бабы («абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.