«Кейбір адамдардың қалтасы осылай арықтаса...»: әзілкеш 75 келі салмақ тастаған

«Кейбір адамдардың қалтасы осылай арықтаса...»: әзілкеш 75 келі салмақ тастаған

«Кейбір адамдардың қалтасы осылай арықтаса...»: әзілкеш 75 келі салмақ тастаған
ашық дереккөзі

Жайдарманшы әрі асаба Дәулет Сағынтаев бір жылдың ішінде 75 келіге арықтады, деп жазды turkystan.kz. «Барыстар» жайдарман тобының экс-капитаны бұрын 180 келі болған. Ол Таразыда екі таңбалы санға жетуді мақсат тұтып жүр екен. Бұған дейін желіде жұртқа артық салмақтан арылуға қатысты кеңес беріп жүрген жайдарманшының ол әрекеті бекер емес екен. Сонымен, Дәулет Сағынтаев бір жыл ішінде қатты жүдеп, салмағын 104 келіге дейін түсірген. Бірер күн бұрын ол өзінің Instagram-дағы парақшасында арықтағанға дейінгі және қазіргі суретін жариялады.

«Жаңа Қазақстанға – жаңа Мен. Жаңарғың келсе, бірінші өзіңнен баста» деп жазды әзілкеш.
Оның бірінші суреттегі денесіне шап-шақ костюмінің екінші суретте едәуір үлкен болып тұрғанын көруге болады.
«Кейбір адамдардың қалтасы осылай арықтаса, жаңа Қазақстан болады», «Костюміңді сатасың-ау осы маған», «Салмақпен алысу оңай емес. Оның өзі жетістік» деп жазды желі қолданушылары.