Бөтен картаға 1 млн теңге аударған әйел ақшасын қайтара алмай жүр

Бөтен картаға 1 млн теңге аударған әйел ақшасын қайтара алмай жүр

Бөтен картаға 1 млн теңге аударған әйел ақшасын қайтара алмай жүр
ашық дереккөзі
Қостанай облысында екі әйел соттасып жатыр. Қызылордалық келіншек шатасып, бөтен біреудің картасына 1 миллион теңге аударған, деп жазды turkystan.kz. Белгілі болғандай, сотқа арыз беруші 2021 жылдың қазан айында құрбысының картасына ақша жібермек болған. Бірақ соңғы 4 санды қате енгізгендіктен, қомақты сома Қостанай облысындағы кенттердің бірінің тұрғынына кетіп қалған. Енді екі тарап ортақ мәмілеге келе алмай отыр. Қазір бұл істі Әулиекөл аудандық соты қарауда.
«Әулиекөл аудандық сотына Қызылорда облысының тұрғынынан негізсіз баю туралы арыз келіп түсті. Арыз бойынша азаматтық іс қарастырылу сатысында», – деді Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Зәуре Едікова.
Әулиекөл ауылының тұрғыны болса, есепшотына қомақты қаржы түскенін байқамағанын айтып ақталуда. Банк аударымның жартысын карта иесінің бұрынғы қарыздары үшін бірден есептеп жіберген екен. Ауыл тұрғыны соманың қалған жартысын бірден иесіне қайтарған. Ал банк «жеп» қойған соманы қайтара алмай отыр. Себебі, ол жұмыс істемейді, декреттік демалыста.
«Шотыма үлкен сома түскен екен. Егер мен бұл ақшаның түскенін білгенде картамды бірден бұғаттар едім. Менің банк алдында қарыздарым болғандықтан, түскен ақша бірден қаржы институтының есебіне кететіні айтылды. Бірақ дәл қазір қалған соманы қайтаратын мүмкіндігім жоқ», – дейді Әулиекөл тұрғыны.