Мұсағалиев қазақстандық топты «Beatles»-қа теңеді (ВИДЕО)

Мұсағалиев қазақстандық топты «Beatles»-қа теңеді (ВИДЕО)

Мұсағалиев қазақстандық топты «Beatles»-қа теңеді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ресейлік шоу-бизнес өкілі Азамат Мұсағалиев қазақстандық «Меховая 8/1» тобының әнін ерекше бағалады, деп жазды turkystan.kz. Азаматқа топтың ел арасында хит болып жүрген «Ақ көйлек киген, көк көйлек киген...» әні ұнаған көрінеді. Танымал әзілкештер жиналған топта Ғалымжан Молданазар сынды қазақстандық әншінің шығармашылығы да сөз болды.
«Әннің орындаушылары «Меховая 8/1» деп аталады. Қазір сол әнді қосып қойдым. Меніңше, бұл топ - қазіргі «Beatles». Мына әнді қалай ойлап тапқан?» - дейді ол.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Азамат Мусагалиев (@azabraza1984)

Еске салайық, аталмыш хит ән YouTube арнасында жарияланғалы бері 17 миллион қаралым жинап үлгерді. Бұған дейін Александр Ваш есімді стендап-комик те қазақстандық әнші Ғалымжан Молданазардың шығармашылығына қызығушылық байқатқан болатын.