Тиматидің қымбат көлігі 17 жылдан бері Петропавлда тұр (ВИДЕО)

Тиматидің қымбат көлігі 17 жылдан бері Петропавлда тұр (ВИДЕО)

Тиматидің қымбат көлігі 17 жылдан бері Петропавлда тұр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысындағы айыппұл тұрақтарында тұрған автокөліктер аукцион арқылы сатылатын болды. Жылдар бойы иесіз тұрған сол көліктердің арасында ресейлік шоу-бизнес өкілі Тиматидің (Тимур Юнусов) «темір тұлпары» да бар, деп жазды turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Петропавлда көлік бақылау инспекциясы заң бұзған автокөліктерді қоятын жер таппай отыр. Барының өзінде орын жоқ. Амалы таусылған соң жергілікті атқамінерлермен ортақ келісімге келген. Айыппұл тұрағында тұрған көліктерді аукцион арқылы сатпақ. Қаланың шетінде орналасқан айыппұл тұрағының аумағы жарты гектардан асады. Қазір тұрақта 300-ден астам көлік тұр. Облыстық көлік бақылау инспекциясы мамандарының айтуынша, жыл сайын тексерілетін 4 мыңнан астам жүк көлігінің әрбір төртіншісінен заңбұзушылық анықталады екен. Инспекторлар қандай да бір ақауды тапқан кезде көлікті иесі айыппұлды төлегенге дейін арнайы тұраққа апарып қоюы керек. Алайда, айып тұрағында жүк көлігі түгілі, жеңіл автокөліктерге де орын жоқ. Тұрақта Ресей әншісі Тиматидің Audi ТТ маркалы көлігі де бар. Бұл көлік тұраққа 2005 жылы қойылған болатын. Бірақ шекара асып келген бұл көлік сатылымға шықпайды.
«Біз айыппұл тұрағында тұрған, бірақ тек иесі жоқ көліктерді ғана сатылымға шығарамыз. Қазір үш көлікті анықтап, онлайн аукционға шығардық. Жақын арада тағы алтауының құжатын әзірлейміз. Жалпы, бұдан бөлек, айыппұл тұрағын тағы бір гектарға ұлғайту жоспарымызда бар», - деді қала әкімінің орынбасары Жанболат Батырбеков.
Былтыр құқық қорғау органдары Ресейден көліктерді заңсыз тасымалдаған алыпсатардан 60-қа жуық «темір тұлпарды» тәркілеген. Жуырда сол көліктер де аукционға шығарылуы мүмкін.