Оқиға 20 қаңтар күні Сирияның Хасеке қаласының оңтүстік шетінде орналасқан Эс-Санавия түрмесінде болған, деп хабарлады turkystan.kzexk.kz-ке сілтеме жасап. Лаңкестердің сыбайластары олардың қашып кетуіне мүмкіндік жасап, түрмеге кіреберісте бомба орнатылған екі көлікті жарып жіберген. АҚШ-тың әскери тікұшақтары лаңкестердің жолын торып, қашқындарды іздестіріп жатыр. SANA агенттігінің хабарлауынша, түрмеден қашқан лаңкестер қаруланған. Қашқындар мен түрме күзетшілері арасында атыс болып, тіпті гранаталар жарылды.